Чилиде үй қызметкері министрдің орынбасары болып тағайындалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
twitter.com/luzvidalh

1 ақпанда Чили президенті Габриэль Борич Twitter-де елдің жаңа үкімет құрамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1 ақпанда Чили президенті Габриэль Борич Twitter-де елдің жаңа үкімет құрамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Чили президентінің мәлімдемесінен оның болашақ министрлердің орынбасарларын тағайындағаны, олардың бірі 15 жылдық тәжірибесі бар үй қызметкері екені белгілі болды.

Реклама
Реклама

Әйелдер және гендерлік әділет министрінің орынбасары болып Лус Видаль Уирикео тағайындалды. Әйелдің қысқаша өмірбаянында оның Чили астанасындағы әртүрлі отбасыларда 15 жыл үй қызметшісі болғаны туралы ақпарат кездеседі.

Сондай-ақ, ол бұрын басқарған үй жұмысшылары кәсіподағының Лус Видальдың министрдің орынбасары болып тағайындалуын құптағаны хабарланды. Әйелдің өзі де президентке тағайындағаны үшін алғысын білдіріп, елдегі барлық әйелдерді абыроймен көрсетуге тырысатынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама