Coca-Cola, PepsiCo және Nestle Жер шарын ластаудан әлемдік көшбасшыларға айналды

© pixabay.com

Coca-Cola, PepsiCo және Nestlе компаниялары ғаламшарды пластикпен ластау бойынша әлемдік көшбасшыларға айналды. Бұл туралы Break Free From Plastic есебінде айтылған, - деп жазды Lenta.ru.

Coca-Cola, PepsiCo және Nestlе компаниялары ғаламшарды пластикпен ластау бойынша әлемдік көшбасшыларға айналды. Бұл туралы Break Free From Plastic есебінде айтылған, - деп жазды Lenta.ru.

55 елде 15 мыңға жуық ерікті тасталған пластиктерді тауып, талдау жасаған. Coca-Cola өнімдерінің қоқысы 55 елдің 51-де табылды. PepsiCo пластикалық қалдықтары 55 елдің 43-де болды. Ондыққа Unilever, Mondelez International, Mars, P&G, Colgate-Palmolive және Perfetti van Melle кірді.

Есепте зиян пластик өндірісі 2030 жылға қарай екі есе және 2050 жылға қарай үш есе артуы мүмкін делінген. Корпорациялар Жердің пластиктермен ластануы мәселесін шешуге тырысып жатырмыз деп мәлімдегенмен, тонналап қаптамалар тастау тоқтамай отыр.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама