ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қаңтар 2021 | 14:47
COVID-19-дан әлемдегі ең жоғары өлім-жітім деңгейі Ұлыбританияда тіркелген
Қазіргі уақытта коронавирустан өлім-жітім деңгейі бойынша Ұлыбритания әлемде ең жоғары көрсеткішке ие, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазіргі уақытта коронавирустан өлім-жітім деңгейі бойынша Ұлыбритания әлемде ең жоғары көрсеткішке ие, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.
17 қаңтарға дейін бір апта ішінде елде күн сайын 935 адам қайтыс болған. Бұл миллионға шаққанда 16,5-ке тең. Оксфорд университетінің "Әлемдегі деректер" базасы зерттеу платформасында жиналған статистикалық мәліметтер қазіргі уақытта ешбір елде мұндай жоғары деңгей байқалмағанын көрсетті.
Ұлыбритания 11 қаңтардан бастап өлім көрсеткіші миллионға шаққанда 16,3 адаммен тізім басында тұрған Чехияны басып озды. Өлім коэффициенті ең төмен бес елдің қатарына Португалия (миллионға 14,82), Словакия (14,55) және Литва (13,01) кіреді. Еуропаға жатпайтын елдер қатарында Панама алғашқы ондыққа енген жалғыз ел. Бұл ел өткен жылдың қазан айынан бастап пандемия ошағына айналды. Әлемдегі өлім-жітімнің үштен бірге жуығы осында болған.
Сарапшылардың айтуынша Ұлыбританияның өлім-жітім статистикасы демалыс және дүйсенбі күндері есептің кешігуіне байланысты төмен көрсеткіш көрсеткенін атап өтті. Бұл елдегі өлім-жітім одан да көп болуы мүмкін дегенді білдіреді.
Өткен жылдың желтоқсан айында Ұлыбритания коронавирустың неғұрлым жұқпалы штаммының таралуы бойынша рекорд орнатты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также