23 қазан 2020 | 07:12

COVID-19: ДДҰ жаңа жағдайлар бойынша антирекорд тіркеді

Фото: © Reuters

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тәулік ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың рекорд көрсеткішін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тәулік ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың рекорд көрсеткішін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұйым сайтында жарияланған статистикаға сүйенсек, кейінгі тәулікте (22 қазанда) дүние жүзінде 423 819 науқас тіркелген. Бұған дейінгі рекорд - 17 қазанда 412 889 жағдай болған.

Реклама
Реклама

Жаңа жағдайлардың көбі АҚШ-та тіркелді - 60 мыңнан аса адам ауырған. Үндістанда кейінгі тәулікте 55 мыңнан аса адам жұқтырған. 41 мың Францияда, 26 мың науқас Ұлыбританияда анықталды. Бразилияда 24 858 жағдай, Аргентинада 18 мың жағдай тілкелді.

Пандемия басынан бері дүние жүзінде 41,1 миллионнан аса адам коронавирус жұқтырды, 1,1 миллионнан аса науқас қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram