13 қыркүйек 2021 | 11:31

COVID-19-ға қарсы вакцина 6 айдан асқан балаларға сыналады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Финляндиядағы Тампере университетінің вакциналарды зерттеу орталығы коронавирусқа қарсы вакцинаны 6 айдан 12 жасқа дейінгі балаларда сынауды бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымның сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Финляндиядағы Тампере университетінің вакциналарды зерттеу орталығы коронавирусқа қарсы вакцинаны 6 айдан 12 жасқа дейінгі балаларда сынауды бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымның сайтына сілтеме жасап.

Pfizer компаниясы COVID-19-ға қарсы вакцинаны балаларға салу арқылы оның тиімділігі мен қауіпсіздігін бақылайды. Осы зерттеуде қолданылатын вакцина mRNA вакциналарының жаңа технологиясына негізделген. Бүгінде бұл вакцинаның миллиондаған дозасы енгізілді, бірақ препарат әлі 16 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды.

Мақсат - вакцинаны балаларға мүмкіндігінше тиімді және қауіпсіз ету. Институт директоры Мики Рюметаның айтуынша, алты айға дейінгі нәрестелерде плацента арқылы анадан алынған иммунитет бар, сондықтан оларды вакциналаудың қажеті жоқ.

Реклама
Реклама

Ұйым зерттеуге дені сау, мультисистемалық қабыну синдромы немесе вакцинаға аллергиялық реакциясы жоқ 12 жасқа дейінгі балалар шақырылғанын айтты.

Мамандардың айтуынша, нәрестелер жанама әсерлер туралы өздері айта алмайтындықтан, олардың тітіркенуіне, жылауына немесе тәбеттің болмауына ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, біраз уақыттан кейін антиденелердің деңгейін көрсететін қан талдауы жасалады.

Зерттеу Испанияда, Польшада және АҚШ-та да жүргізіледі.

Бұрын балаларға клиникалық сынақтарды америкалық Moderna биотехнологиялық компаниясы жүргізген. Johnson & Johnson корпорациясы өз вакцинасын нәрестелерге салуды жоспарлап отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram