ПОДЕЛИТЬСЯ
16 сәуір 2020 | 09:08
COVID-19 жұқтырған алғашқы науқас Ухандағы зертханада жұмыс істеген - БАҚ
Fox News америкалық телеарнасы дереккөздерге сілтеме жасап, COVID-19-дың ең алғашқы науқасы Ухандағы вирусология институтының зертханасында жұмыс істегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Телеарна мәліметінше, алғаш вирус жарқанаттан, ал "нөлдік науқас" зертханада жұмыс істеген, артынша ухандықтардың арасында жүрген. Телеарна дереккөздерінің бірі Қытайды "айғақты жасырып қалу бойынша тарихтағы ең қымбат операция" жүргізген деп айыптаған.
Зертхана биологиялық қару жасамағанын, тек қытайлық ғалымдар вирусты зерттеу бойынша жүргізген тәжірибе нәтижесін көрсетуі керек болғанын айтқан.
Бұған дейін АҚШ-тың қорғаныс министрі Марк Эспер Қытайды коронавирус туралы ақпаратты жасырып қалғанын және елге көрсетілетін қысымды күшейту керек екенін айтқан.
Ал Қытай әуел бастан коронавирус эпидемиясына қатысты мәлімет беруде ашық саясат ұстанғанын мәлімдеген еді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также