COVID-19 жұқтырған Байденнің жағдайы белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент
COVID-19 жұқтырған Байденнің жағдайы белгілі болды ©REUTERS

АҚШ президенті Джо Байденнің денсаулығы COVID-19 жұқтырғаннан кейін айтарлықтай жақсарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ президенті Джо Байденнің денсаулығы COVID-19 жұқтырғаннан кейін айтарлықтай жақсарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы мемлекет басшысының дәрігері Кевин О'Коннор мәлімдеді. Оның айтуынша, президент сауыққан, денсаулығына байланысты негізгі көрсеткіштері қалыпты.

"Оның симптомдары айтарлықтай жақсарып жатыр. Қазіргі уақытта басым симптом - тамақ ауруы. Бұл, ең алдымен, лимфоид жүйені белсендіру нәтижесі, өйткені денесі вирустан тазарып жатыр. Байденнің импульсі, қан қысымы, тыныс алу жиілігі және дене қызуы қалыпты", - деді О'Коннор.

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, 21 шілдеде Байден коронавирусқа сынама тапсырып, ол оң нәтиже берген болатын. Америкалық көшбасшы өз резиденциясында оқшауланған, бірақ жұмысын жалғастыратыны айтылған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама