ПОДЕЛИТЬСЯ
13 мамыр 2020 | 17:29
COVID-19 жұқтырған науқастар неге иіс сезу қабілетін жоғалтатыны анықталды
АҚШ ғалымдары індет жұқтырған науқастардың басым бөлігінде неге иіс сезу қабілеті жоғалатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
АҚШ ғалымдары індет жұқтырған науқастардың басым бөлігінде неге иіс сезу қабілеті жоғалатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.
Ғылыми зерттеу жұмысының қорытындысы ACS Chemical Neuroscience басылымында жарияланды.
Зерттеу мәліметінше, коронавирус инфекциясына тән жиі кездесетін аурудың белгісі - иіс сезу қабілетінің жоғалуы. Ол дене қызуы көтерілмегенде, құрғақ жөтел болмағанда байқалуы мүмкін.
Мамандар вирус ақуыздармен адам ағзасына енген соң мұрын қуысының жасушалары ақуыздар бөлетінін анықтаған.
Ғалымдар тышқандарға тәжірибе жүргізіпті. Нәтижесінде олар бұл ақуыздардың көп мөлшері - ACE2 рецепторы мен TMPRSS2 протеазасы – кәрі тышқандарда пайда болғанын анықтаған. Осылайша, ғалымдар егде жастағы науқастар, жас пациенттерге қарағанда ауруға көбірек бейім болады деген қорытынды жасаған.
Зерттеу жұмысында мұрын қуысының иісті эпителийінің қандай жасушалары ақуыздарды бөлетінін, яғни COVID-19 вирусын жұқтыруға ықпал ететіндігі туралы әзірше нақты мәлімет жоқ екенін жазылған.
Дәрігерлер бұл ақпарат коронавирусқа қарсы вакцинаны дайындау жұмысын тездетуге септігін тигізетінін атап өтті.
Показать комментарии
Читайте также