20 желтоқсан 2021 | 10:40

COVID-19 қандай жағдайда өлімге әкеп соғуы мүмкін? Дәрігер пікірі

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото ©РИА Новости

Ресейлік вирусолог Анатолий Альштейн URA.RU сайтына берген сұхбатында коронавирус қандай жағдайда өлімге әкеп соғуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресейлік вирусолог Анатолий Альштейн URA.RU сайтына берген сұхбатында коронавирус қандай жағдайда өлімге әкеп соғуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Медицина ғылымдарының докторының айтуынша, COVID-19 ауруына шалдыққан науқастарда өлім жағдайы ауру жұқтырғаннан кейінгі үш-төрт аптада тіркеле бастайды.

"Ұлыбританияда омикрон штамы қатты тарап жатыр, ауру ауыр деңгейде өтеді деген ақпаратқа сену үшін үш апта күту керек болады. Менің ойымша, олармен қорқынышты ештеңе болмайды. Ауру жеңіл түрде өтеді", - деді Альштейн.

Реклама
Реклама

Ғалымның айтуынша, омикрон штамына байланысты өлім-жітім деңгейінің жоғары болуы, жаңа штаммен ауыратын науқастардың жағдайы туралы нақты деректер жаңа жылға қарай пайда болуы мүмкін.

Тағы бір сарапшы, "КЕГ" келісімшарттық зерттеу компаниясының директоры Николай Крючков клиникалық көріністердің басталуынан өлімге дейін шамамен екі-екі жарым апта уақыт қажет екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная