13 қазан 2020 08:28

COVID-19 қайта жұқтырып, қайтыс болған алғашқы жағдай Нидерландыда тіркелді

Дүние жүзінде коронавирусты қайта жұқтырып, аурудан қайтыс болған алғашқы жағдай тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Bnonews басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүние жүзінде коронавирусты қайта жұқтырып, аурудан қайтыс болған алғашқы жағдай тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Bnonews басылымына сілтеме жасап.

Зерттеушілер Нидерландыда дүйсенбіде егде жастағы әйелдің COVID-19 қайта жұқтырып, аурудан қайтыс болғанын мәлімдеді. Бұл дүние жүзі бойынша қайта жұқтырып қайтыс болған алғашқы жағдай, деп жазады басылым.

Реклама
Реклама

Науқас 89 жаста болған. Ол қатерлі ісіктен емделіп жүрген. Шілдеде ауруханаға жатқызылғанда коронавирусты анықтайтын тест тапсырған және нәтижесі оң болып шыққан. Инфекция симптомдары жойылғаннан кейін бес күн өткен соң ауруханадан шығарылған.

Екі айдан кейін, химиотерапияның жаңа курсын бастағанына 2 күн өткен соң қызуы көтеріліп, жөтел пайда болған. Тыныс алуы қиналған. Ауруханаға жатқызылғанда минутына 40 рет жиілікпен тыныс алған. Тағы коронавирус жұқтырғаны ПТР-тест арқылы расталған, алайда антидене тесті төртінші және алтыншы күні де теріс нәтиже көрсеткен.

"Сегізінші күнде науқастың жағдайы нашарлады. Екі күннен кейін қайтыс болды", - деді зерттеушілер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram