27 мамыр 2020 | 17:41

COVID-19: Лондонда комадан шыққан адам танымастай өзгерген

Лондонда коронавирус жұқтырып, комадан шыққан Ким Вай Ли адам танымастай өзгерген, - деп хабарлайды "Хабар24" New York Post басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Лондонда коронавирус жұқтырып, комадан шыққан Ким Вай Ли адам танымастай өзгерген, - деп хабарлайды "Хабар24" New York Post басылымына сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, COVID-19 жұқтырған ер адам бір айдан аса уақыт бойы ауруханада жатқан. Осы аралықта ол адам танымастай өзгерген. Лондон тұрғыны 30 келіден аса салмақ тастаған.

Реклама
Реклама

Алты апта бойы аурумен күрескен ол соның екі аптасында жасанды комада жатқан. 

43 жастағы ер адам есін жиған бойда айнаға қарап өз көзіне өзі сенбеген.   Ким Вай Ли 12 наурызда індет жұқтырған. Ауруханаға түскенде оның салмағы 95 келі болса, екі аптада ол 31,5 келі түсірген. Оның айтуынша, оған бұрынғы киімдерінің барлығы үлкен болып қалған.  

"Айнаға қарап өз-өзімді танымай қалдым", – дейді ол.

Лидің сөзіне қарағанда, COVID-19 жұқтырғанға дейін ауыр салмақтан оның қан қысымы жоғары болған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная