25 қараша 2020 | 14:47

COVID-19: Ресейде қайтыс болғандар саны бойынша жаңа рекорд тіркелді

© Reuters

Кейінгі тәулікте (24 қарашада) Ресейде коронавирус жұқтырған 507 науқас қайтыс болды. Коронавируспен күрес бойынша шұғыл штабтың мәліметінше, бұл - жоғары көрсеткіш, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Кейінгі тәулікте (24 қарашада) Ресейде коронавирус жұқтырған 507 науқас қайтыс болды. Коронавируспен күрес бойынша шұғыл штабтың мәліметінше, бұл - жоғары көрсеткіш, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ресейде кейінгі тәулікте 23 575 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды, ал 25 748 науқас аурудан жазылған. 

Реклама
Реклама

Мәскеу вирус жұқтырғандар саны бойынша (4685 жағдай) көш бастап тұр. Содан кейін Санкт-Петербург (3421 жағдай), Подмосковье (1005 жағдай), Нижегородск (457), Свердловск (388) облыстары, сондай-ақ Карелия (362), Архангельск облысы (361) және Краснояр аймағы (333) тұр. 

Еске салайық, соңғы рет Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны бойынша жаңа рекорд 21 қарашада тіркелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная