Чукотка түбегіне жүзіп жеткен америкалық Ресейден саяси баспана сұрады

© РИА Новости

Чукотка түбегіне заңсыз жүзіп жеткен америкалық Ресейден саяси баспана сұрады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ер адам Лаврентия ауылында ұсталды. АҚШ-тың Владивостоктағы бас консулдығының өкілдері оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын айтты.

"Біз бұл жағдай туралы білеміз. Жергілікті биліктегілермен бірге жұмыс істеп, консулдық қызметтерді көрсетіп жатырмыз", - деп хабарлады бас консулдықтың өкілдері.

Реклама
Реклама

Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметі Шекара басқармасының өкілдері бұл жағдайға қатысты пікір білдірмеді.

 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама