13 шілде 2021 09:14

Дағыстанда екі қыз шатқалдағы әткеншектен құзға құлап кетті

Фото: riadagestan.ru/видеодан алынған

Дағыстандағы Сулак каньонында екі қыз құзға құлап кетті. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА "Дағыстанға" сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дағыстандағы Сулак каньонында екі қыз құзға құлап кетті. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА "Дағыстанға" сілтеме жасап.

Видеодан қыздардың шатқал шетінде орнатылған әткеншекте отырғанын көруге болады. Оларды артынан тағы бір адам итеріп тұр. Бір сәтте әткеншекті ұстап тұрған тізбек үзіліп, олар құзға құлап кетеді.

Реклама
Реклама

Полиция мәліметі бойынша, зардап шеккендер ауыр жарақат алмаған. Сондай-ақ, Республиканың Ішкі істер министрлігі "аттракцион" енді жұмыс істемейтінін, оны бұзу туралы шешім қабылданатынын хабарлады.

Жазатайым оқиға дерегі бойынша Дағыстан прокуратурасы тексеріс бастады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram