ДАИШ басшысы Мосулдан қашып кетті

© riafan.ru

ДАИШ басшысы (?аза?станда ?ызметіне тиым салын?ан ?йым) Ирак ?скері мен халы?аралы? коалиция шабуылдап жат?ан Мосулдан ?ашып кетті, - деп хабарлайды РИА Новости. ?бу Бакр ?л-Ба?дадиді? ?аш?аны туралы Иракты? ?скерилері м?лімдеді.

ДАИШ басшысы (Қазақстанда қызметіне тиым салынған ұйым) Ирак әскері мен халықаралық коалиция шабуылдап жатқан Мосулдан қашып кетті, - деп хабарлайды РИА Новости. Әбу Бакр әл-Бағдадидің қашқаны туралы Ирактың әскерилері мәлімдеді.

"Барлау қызметіндегі мәлімет көздері Әбу Бакр әл-Бағдадидің 150 отбасын кепіл ретінде әуе соққысынан қорғану мақсатында ала кетіп, Мосулдан қашқанын растады", - деп мәлімдеді ирак әскерилерінің баспасөз қызметі. Мұның алдында Ирак әскері Мосулды азат ету операциясы басталғалы ДАИШ-тің екі мыңнан аса содырының көзін жойғанын мәлімдеген болатын. 

Ирактың солтүстігіндегі Мосулды 2014 жылы басып алған ДАИШ содырларынан азат ету операциясы 17 қазаннан бері жалғасып жатыр. Оған Ирак әскерилері, пешмергтің күрд жасақтары және АҚШ бастаған халықаралық коалиция күштері қатысып жатыр.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама