ДАИШ содырларының ежелгі Пальмирада қиратқан ғимараттардың видеосы жарияланды

Видеодан алынған кадр

Ресейді? ?ор?аныс министрлігі "Ислам мемлекеті" ?йымы (?аза?станда тыйым салын?ан террористік топ) содырларыны? Сирияны? ежелгі Пальмирада?ы ?ират?ан нысандарын т?сірілген видеоны жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ресейдің Қорғаныс министрлігі "Ислам мемлекеті" ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған террористік топ) содырларының Сирияның ежелгі Пальмирадағы қиратқан нысандарын түсірілген видеоны жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, Пальмира мен оның маңындағы аудандарды бақылау барысында камераға Пальмираның басты көрікті жерлері - Рим амфитеатрі мен тетрапилоның қирағаны түсірілген.

Видеодағы кадрлардан лаңкестердің Рим театрының орталық бөлігі мен тетрапилонның бағаналарын (270 жылы салынған тікбұрышты ғимарат) жарып жібергені көрінеді.

Реклама
Реклама

Экстремистердің ежелгі Пальмираға бірінші рет жасаған шабуылынан кейін ғимараттардың 80 пайызы қирамай бүтін қалған делінеді. Сондай-ақ, лаңкестердің қолынан Салах ад-Дин ғимараты мен ұлттық музейдің бүлінгені айтылады.

Басылымның мәліметінше, лаңкестер 2016 жылдың желтоқсанында қалаға қайтадан шабуыл жасап, тарихи ғимараттарды қиратпақ болған. Ал қаңтар айында Сириядағы ақпарат құралдары жаңадан қираған ғимараттар жайлы мәліметтерді келтірген еді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама