Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

ДАИШ Еуропада шабуылдар жасауға 400 содырды дайындап отыр

24 Наурыз 2016, 09:26
0
© luqradar.net
© luqradar.net

ДАИШ Еуропада шабуылдар жасауға 400 содырды дайындап отыр, - деп хабарлайды Associated Press барлаудағы дереккөзіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметіне қарағанда, ұйым бір-бірімен байланысы жоқ көптеген ұяшықтардың агентуралық ірі желісін құрған, сонымен қатар 400-ден 600 адамға дейін жететін лаңкестер тобын дайындап, оларға шабуылдың орнын, уақытын және тәсілдерін өз беттерімен таңдауға мүмкіндік берген. Олардың Сирия мен Иракта және посткеңес елдерінде дайындықтан өткені хабарланып отыр. 

Содырлар Парижде өткен жылдың қарашасында және таяуда Брюссельде болған терактілерді ұйымдастырған топтар секілді шағын топтарға бөлінген. ДАИШ-тың Еуропада шабуыл жасауға арнайы содырларды дайындағанын француз сенаторы Натали Гуле растап отыр. Айта кетейік, ол лаңкес топтарына байланысты мәселелермен айналысады. 

"Біз ертеде қанша лаңкестің дайындалғанын білсек, мұндай шабуылдардың `Парижде 13 қарашада және Брюссельде 22 наурызда болған шабуылдар) алдын алуға болар еді", - дейді ол.

Ирактағы арнайы қызметтегі дереккөзінің айтуынша, 2015 жылдың 13-14 қарашасында терактті ұйымдастырғандардың Германия, Ұлыбритания, Италия, Дания, Швеция және Түркияда әрекет етіп жатқан ірі ұяшықтың бөлігі екен.

Еске салайық, 22 наурызда таңғы уақытта Брюссель халықаралық әуежайында екі бірдей жарылыс болған еді. Ел билігі оған бірнеше өлімші лаңкестің қатысы бар деп есептейді. RTBF телерадиокомпаниясының мәліметінше, екі адамның аты-жөні анықталды. Олар - ағайынды Ибрагим және Калид Бакрауилер. Соңғысы, RTBF мәліметінше, жалған құжатпен Брюссельдегі Форе коммунасында баспана жалдап тұрған, бұл тұрғын үйде 18 наурызда полиция Париждегі теракт бойынша басты күдікті Салах Абдесламды ұстаған еді. Сейсенбі күні Брюссельдегі "Мальбек" метро станциясының вагонында үшінші жарылыс болды. Бұл шабуылға ДАИШ өз жауапкершілігіне алды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай