Дания AstraZeneca вакцинасын қолдануды толығымен тоқтатты

Дания AstraZeneca вакцинасын қолдануды толығымен тоқтатты Фото: ©REUTERS

Дания AstraZeneca COVID-19 вакцинасын қолдануды толығымен тоқтатқан алғашқы ел болды, - деп хабарлайды Reuters.

Дания AstraZeneca COVID-19 вакцинасын қолдануды толығымен тоқтатқан алғашқы ел болды, - деп хабарлайды Reuters.

Дания билігі қан ұю қаупі туралы хабарламаларға байланысты AstraZeneсa вакцинасын қолдануды тоқтата тұруға шешім қабылдады. Олардың айтуынша, зерттеулер вакцинациядан кейін қан ұюдың жоғары жиілігін көрсетті. Данияда препараттың 2,4 миллион дозасы айналымнан алынады.

"AstraZeneca-мен байланысты зерттеу нәтижелері нақты және ауыр жанама әсерлерді көрсетті. Сондықтан барлық мақсатты топ үшін вакцинация бағдарламасынан осы вакцинаны алып тастауға ұйғардық", - деді Данияның Денсаулық сақтау агенттігінің басшысы Сорен Бростром брифингте.

Реклама
Реклама

AstraZeneca Данияның таңдауын құрметтейтінін және болашақ шешімдер үшін мәлімет беруді жалғастыратынын айтты.

Бұл шешім елдегі вакцинация бағдарламасын аяқтауды жоспарланған уақытынан кешіктіреді. 25 шілдеден тамыздың басына ауысады деп күтіледі.

Айта кетейік, наурызда Еуропаның бірнеше елі вакцинациядан кейін тромбоздың жиілеп кетуіне байланысты препаратты қолдануды тоқтатты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама