24 наурыз 2020 | 16:33

Дәрігер Италияда неліктен коронавирустан қайтыс болғандардың саны көп екенін айтты

Дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников Италияда неліктен коронавирустан қайтыс болғандардың саны көп екенін айтты , - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников Италияда неліктен коронавирустан қайтыс болғандардың саны көп екенін айтты , - деп хабарлайды РИА Новости.

Дәрігердің айтуынша, Италия билігі коронавируспен күресудің дұрыс әдісін таңдамады. Сондықтан ауруханаларда орын жетіспей, уақыт тиімсіз пайдаланылды.

Реклама
Реклама

Ол Италияда вирус белгілері аса қатты байқалмағандардың барлығы үйге жіберілгендіктен дерт асқына түскенін айтады. Оның айтуынша, барлығын оқшаулап, ауруханаларда қалдыру қажет. 

"Үйде отыру" әдісі дұрыс емес: бірде туыстар келіп кетеді, бірде далаға серуендеуге шығып кетесің", - деп жазған дәрігер Telegram-каналында.

Айта кетейік, бүгінде коронавирустан қайтыс болғандардың саны ең көп елдердің тізімінде Италия бірінші орында тұр. Соңғы мәліметтер бойынша Италияда коронавирус жұқтырғандардың саны 60 мың адамнан асты, ал қайтыс болғандардың саны 5 400 адамнан асты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная