Дәрігер коронавирусты қалай тоқтатуға болатынын айтты

Дәрігер коронавирусты қалай тоқтатуға болатынын айтты Фото: aa.com.tr

АҚШ-тың коронавируспен күрес жөніндегі жұмыс тобының бас сарапшысы, инфекционист дәрігер Энтони Фаучи COVID-19-ды қалай тоқтатуға болатынын айтты, - деп хабарлайды Lenta.ru

АҚШ-тың коронавируспен күрес жөніндегі жұмыс тобының бас сарапшысы, инфекционист дәрігер Энтони Фаучи COVID-19-ды қалай тоқтатуға болатынын айтты, - деп хабарлайды Lenta.ru

Маманның айтуынша, коронавирус инфекциясының таралуын тоқтату үшін адамдар үнемі маска тағып, қолдарын жиі жуып, 2 метр арақашықтықты сақтауы керек. Сондай-ақ, дәрігер мейрамхана мен дәмханаға жиі бармау керегін атап өтті.

Энтони Фаучи елдегі COVID-19 вирусының өршуін карантин талабының жеңілдеуімен байланыстырады.

Жарнама
Жарнама

"Егер біз қатаң талапты сақтамасақ, еліміз қиын жағдайда қалуы мүмкін", - дейді инфекционист дәрігер.

Айта кетейік, АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 4,39 миллионға жетті. Өткен тәулікте COVID-19 жұқтырудың 60 мыңға жуық дерегі тіркелді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама