ПОДЕЛИТЬСЯ
18 қараша 2021 | 10:10
Дәрігер постковидтің өте қауіпті түрін атады
Постковидтық синдром кейде өлімге әкелуі мүмкін. "Авиценна" медициналық орталығының жоғары санатты гематолог дәрігері Диана Ким ауруды болдырмау жолдарын, одан қалай емделу керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Постковидтық синдром кейде өлімге әкелуі мүмкін. "Авиценна" медициналық орталығының жоғары санатты гематолог дәрігері Диана Ким ауруды болдырмау жолдарын, одан қалай емделу керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Дәрігер коронавирус инфекциясымен ауырған науқастар ұзақ уақыт бойы бұл аурудың салдарымен, соның ішінде қан ұюының бұзылуымен бетпе-бет келуі мүмкін. Тіпті жеңіл COVID-19-бен ауырған жастардың да біраз уақыттан кейін "тромбоз" немесе тіпті "инсульт" алу қаупі бар екенін ескертті. Коронавирус инфекциясынан кейін қанның тығыздығының жоғарылауы дененің осындай ауыр зақымдалуына әкелетінін түсіндірді.
"Маған коронавирус инфекцияның жеңіл түрімен ауырған жас науқастар келді, оларда үш айдан кейін тромбоз пайда болған. Олардың біреуі инсульт алды. Яғни, жеңіл COVID-19 инфекциясымен ауырғандар да қан ұюына тап болуы мүмкін", - деді Ким.
Мидың тамырларында қан ұйығыш пайда болса соңы өлімге әкелуі мүмкін, деп жалғастырды гематолог.
"Тромбаның пайда болуы әрқашан қауіпті, бірақ бәрі қан ұйығыштың қай жерде пайда болғанына байланысты. Егер бұл мида болған болса, науқас инсульт алады. Мидың аймағына байланысты бұл өлімге әкелетін инсульт немесе жеңіл түрі болуы мүмкін", - деп қосты ол.
Қанды сұйылтатын препараттарды - антикоагулянттарды қабылдау арқылы қан ұюынан кейінгі тромбоздың алдын алуға болады. Бірақ мұндай емдеуді тек маман тағайындай алады.
"Коронавирус инфекциясынан кейін антикоагулянттық терапияны үш ай бойы жалғастыру керек. Бұл қан ұйығыштарының пайда болуына жол бермейді. Дегенмен, антикоагулянттарды өзіңіз емес дәрігер тағайындауы керек", - деп түсіндірді Ким.
Оның айтуынша, коронавирус инфекциясынан кейін қан ұйығыштарының жоғарылау қаупі бар адамдар бұрын қан тамырлары ауруынан зардап шеккендер.
Вакцинация COVID-19-дан және осы аурудың ауыр зардаптарынан қорғауға көмектеседі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также