ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қараша 2021 | 09:52
Дәрігер Саакашвилидің жағдайы нашарлағанын айтты
Түрмеде аштық жариялаған Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили жүрек соғысы нашарлағанына шағымданды. Дәрігер Николоз Кипшидзенің айтуынша, ол әлсіз, жағдайы кез келген уақытта нашарлауы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Report басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түрмеде аштық жариялаған Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили жүрек соғысы нашарлағанына шағымданды. Дәрігер Николоз Кипшидзенің айтуынша, ол әлсіз, жағдайы кез келген уақытта нашарлауы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Report басылымына сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, Саакашвилидің жағдайы нашарлап барады, ол 10 пайыз салмақ жоғалтқан. Сонымен қатар, Кипшидзе консилиуммен саясаткердің тест нәтижелерін зерттеп, оның денсаулығының барлық параметрін бағалағанын айтты.
"Сәрсенбіде Михаил Саакашвилидің денсаулық жағдайын тексеру нәтижелері алынды және дәрігерлер пікірінше, олар бір апта бұрын өткен консилиумға қарағанда нашарлады. Ол жүрек соғысының нашарлауына шағымданады. Қауіпті жағдай кез келген уақытта туындауы мүмкін", - деді Кипшидзе түрмеде саясаткермен кездесуден кейін.
Reuters агенттігі мәліметінше, Грузия президенті Саломе Зурабишвили аштық жариялаған Саакашвилиді кешіру мүмкін емес және оның денсаулығы саяси толқу тудырмауы керек деп мәлімдеді.
"Бұрынғы президентті кешіру туралы ұстанымым берік және өзгермейді: жоқ және ешқашан", - деді Зурабишвили.
Бұған дейін Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиге қан құю қажет екені хабарланған болатын. Бұл туралы оның жеке дәрігері Николоз Киппшидзе айтқан еді.
Саакашвили Грузияда 1 қазанда ұсталды, сол күні ол аштық жариялады. Ол банкир Сандро Гиргвлианиді өлтіру және депутат Валерий Гелашвилиді ұру туралы істер бойынша сырттай айыпталған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также