20 қыркүйек 2022 | 08:40

Дәрігерлер әйелдің асқазанынан 55 батарея алды

Ирландияда дәрігерлер 66 жастағы науқастың асқазаны мен тоқ ішектерінен 55 батарея алып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісітHuffPost басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ирландияда дәрігерлер 66 жастағы науқастың асқазаны мен тоқ ішектерінен 55 батарея алып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісітHuffPost басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Дублин тұрғыны іш ісіну мен ауруына шағымданып Әулие Винсент ауруханасына барған. Дәрігерлер УДЗ жасап, оның асқазаны мен тоқ ішектерінде бөгде заттар бар екенін анықтаған.

Реклама
Реклама

Дәрігерлер бөтен заттар ағзадан табиғи жолмен шығады деп күткен. Бірақ бір аптадан кейін денеден бес батарея ғана шығып, науқастың іш ауыруы күшейген. Содан кейін  әйелге ота жасап, одан тағы 50 АА батареясын алып шыққан.

"Бұл жағдай бір уақытта жұтылған батареялардың ең көп тіркелген саны", - делінген мақалада.

Науқас қазір дәрігерлердің бақылауында. Әйелдің ішінде қанша батарея болғаны, оны неліктен жұтқаны нақты айтылмаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная