ПОДЕЛИТЬСЯ
25 сәуір 2021 | 11:12
Дәрігерлер Навальныйды Мәскеуге ем алуға жіберуді сұрады
Дәрігер Алексей Навальныйдың өміріне қауіп төніп тұрғанын айтып, оны Мәскеудегі көп салалы ауруханаға ауыстыруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жазаны орындау федерал қызметінің директоры Александр Калашниковқа жолданған ашық хат жарияланған "Новая газета" басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Дәрігер Алексей Навальныйдың өміріне қауіп төніп тұрғанын айтып, оны Мәскеудегі көп салалы ауруханаға ауыстыруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жазаны орындау федерал қызметінің директоры Александр Калашниковқа жолданған ашық хат жарияланған "Новая газета" басылымына сілтеме жасап.
Дәрігерлер мәліметі бойынша, науқас жағдайының ауырлығы, ұзақ уақыт ашығу (үш аптадан аса. - ескерт), аралас неврологиялық патологияны диагностикалау деңгейі, тест нәтижелеріндегі елеулі өзгерістер кешенді әдісті қажет етеді. Әртүрлі профильдегі маман және диагностика дәлдігі, мүмкін емдеу барысында әртүрлі кезеңнің инвазиялық әдістері қажет болуы мүмкін.
Авторлар Навальныйды зерттеу мүмкіндігінен айырылғанын, олардың тұжырымы "соңғы рет 20 сәуірде алынған шектеулі мәліметтерге негізделгенін" айтты.
Дәрігерлер медициналық құжаттамаға невролог, нейрохирург, гастроэнтеролог, нефролог қорытындылары, биохимиялық қан анализі нәтижелері, жалпы зәр анализі, бел омыртқасының МРТ қорытындысы, іш қуысының ультрадыбыстық зерттеу қорытындысы кіретінін айтты.
"Құжатталған шағымдарға: оң аяғындағы иррадиациясы бар бел аймағындағы ауырсыну, дененің қисаюы мен бұралуы; сол жақ жамбастың сыртқы беткейінің ұюы; оң жамбастағы бұлшықеттердің әлсіздігі; оң жақ жамбасы мен аяқ бұлшықеттерінің ұюы; қолдарының ұюы және мезгіл сайын қызуы; әлсіздік, бас айналу; ауыз құрғауы; шөлдеу; жиі және біркелкі емес жүрек соғысы кіреді", - деді дәрігерлер.
Сондай-ақ, өтініште Алексей Навальныйға жүргізілген зерттеу мен анықталған диагноздар туралы мәлімет көрсетілген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также