23 қаңтар 2018 | 17:25

Дәрігерлерді шошытқан жағдай: Бір жасар сәбидің денесінен 16 ине шықты

© kun.uz

Ташкентте бір жасар сәбидің денесінен 16 ине табылған, - деп хабарлайды Kun.uz

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ташкентте бір жасар сәбидің денесінен 16 ине табылған, - деп хабарлайды Kun.uz

Республикалық жедел медициналық көмек орталығының дәрігерлері сәбидің ағзасынан инелерді алу бойынша ота жасады. Алайда инелердің бала бойына қалай кіргені әзірше белгісіз қалып отыр.  

Реклама
Реклама

11 айлық сәбидің шешесі баласының жиі мазасызданатынын айтып, көмек сұрап келген. Бастапқы медициналық зерттеу барысында сәбидің тамағы ісініп, темперарутасы көтерілгені анықталған. Дәрігерлер оны тұмауратып қалған деп топшылапты. Алайда баланың зәр шығаруы қиындап, осыдан кейін дәрігерлер баланы рентген аппаратына түсірген. Осы кезде баланың денесінде 16 бөгде зат табылған. Баласы мен шешесі дереу Ташкентке жөнелтілген.

Республикалық жедел медициналық көмек орталығының дәрігерлері дереу ота жасап, инелерді баланың денесінен алып шыққан. Инелер баланың кеуде тұсында, мойнында, қуығында, тіпті жүрегі мен омыртқасында болған.

"11 айлық сәбиге 9 сағат бойы ота жасалды. Хирургтер командасы топ болып бөлініп, іш қуысы мен мойнынан 9 инені алып шықты. Осыдан кейін кардиохирургтер командасы жүрек қан тамырларына ота жасады", - деді дәрігерлер.

Ал инелердің бала денесіне қалай кіргені туралы сұраққа анасы ештеңе білмегенін айтып отыр. 

"Күйеуім Ресейде жұмыс істейді, ата-анамның үйінде уақытша тұрып жатырмын. Үйде балама өзім қараймын және бөтен адамдарға қалдырмаймын. Инелердің бала денесіне қалай түскенін білмеймін", - дейді зар жылаған анасы.

Ал дәрігерлердің айтуынша, баланың инелерді өзі жұтып қоюы мүмкін емес. Асқазанына зақым келмеген. Олардың айтуынша, баланың денесіне бөтен біреулер ине тыққан. 


Суреттер kun.uz сайтынан

"Бір ине омыртқада болды, мұны қалай түсіндіруге болады? Балалардың инені жұтып қоятын кездерін жиі көреміз Бірақ бұл жағдайда сәби ине жұта алмайды ғой", - дейді дал болған дәрігер.

Қазіргі уақытта бала ғылыми орталықтың интенсив терапиясы бөлімінде жатыр. Мамандар баланың өте ауыр жағдайда екенін айтады.

Басылымның мәліметінше, құқық қорғау органдары бұл оқиғаға қатысты тергеу бастаған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная