Дәрігерлер 9 айлық сәбидің денесінен 10 ине тапқан

Иллюстрациялық сурет © liveinternet.ru

Душанбедегі ?лтты? медицина орталы?ыны? (Караболо) д?рігерлері 9 айлы? с?биді? денесінен 10 ине аны?та?ан. Медицина ?ызметкерлері бала ?здігінен м?нша инені ж?та алмайтынды?ын айтады, - деп хабарлайды ca-news.org.

Душанбедегі Ұлттық медицина орталығының (Караболо) дәрігерлері 9 айлық сәбидің денесінен 10 ине анықтаған. Медицина қызметкерлері бала өздігінен мұнша инені жұта алмайтындығын айтады, - деп хабарлайды ca-news.org.

Рентген зерттеуі баланың басы мен мұрнында, аяғы, кеудесі мен басқа да дене мүшелерінде ине барын көрсеткен. Иненің кейбірі терінің астына терең кірген, сондықтан дәрігерлер тек 6 инені алып шыға алған. Ал 4 ине әлі де баланың денесінде қалып отыр. 

Дәрігерлердің сөзінше, 28 маусымда 9 айлық Мудассир Каримовтың туыстары дәрігерлерге хабарласқан, осыдан кейін баланы бірден ауруханаға жатқызған. Дәрігерлер инелердің баланың денесінде кемі үш ай жүргенін айтады. 

Реклама
Реклама

"3 шілдедегі операция кезінде 6 инені алып шықтық, дегенмен, бала ұзақ операцияны көтере алмайды. Сондықтан басы мен ішіндегі төрт ине әлі денесінде қалды", - дейді балалар хирургиясы бөлімінің басшысы Шухрат Чориев. 

Дәрігерлер бала инені өзі жұтса, инелер оның ішек-асқазанында тұрып қалуы керектігін айтады. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама