ДДСҰ басшысы: COVID-19 пандемиясы әлі аяқталмады

©REUTERS

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирус пандемиясы әлі аяқталмағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Xinhua порталына сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирус пандемиясы әлі аяқталмағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Xinhua порталына сілтеме жасап.

Ұйым Еуропа елдеріне қарт адамдарға, иммунитеті әлсіз адамдар мен аяғы ауыр әйелдерге, сонымен қатар, медициналық мекемеде жұмыс істейтіндерге вакцинаның үшінші дозасын салуды ұсынды. 

"Вирустың жаңа толқыны жүріп жатыр, пандемия әлі аяқталмады және вирус еркін тарап жатыр", - дейді Гебрейесус. 

Реклама
Реклама

ДДСҰ денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының атқарушы директоры Майкл Райанның айтуынша, коронавирустың өршуі "омикрон" BA.4 және BA.5 нұсқаларымен, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау шаралары мен әлеуметтік шараларды алып тастауымен байланысты.

"COVID-19 жағдайының көбеюіне алаңдап отырмын, бұл денсаулық сақтау жүйесі мен медицина қызметкерлеріне жүк түсіріп отыр. Сонымен қатар, адам өлімі көбейгеніне алаңдап отырмыз", - дейді Райан. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама