24 қаңтар 2022 09:03

ДДСҰ басшысы екінші мерзімге сайланады

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото: REUTERS

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қазіргі бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус алдағы сайлауда жаңа бас директор лауазымына жалғыз үміткер болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымның сайтына сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қазіргі бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус алдағы сайлауда жаңа бас директор лауазымына жалғыз үміткер болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымның сайтына сілтеме жасай отырып.

ДДСҰ атқарушы комитеті Женевада ашылатын 150-сессияда ДДСҰ бас директоры ретінде екінші бес жылдық мерзімге тағайындауға Гебрейесустың кандидатурасын қарайды. Шешім 22-28 мамыр аралығында Ассамблеяда жасырын дауыс беру арқылы шығарылады.

Үміткерлерді қабылдау 2021 жылдың 23 қыркүйегіне дейін жалғасты. Нәтижесінде ұйымға мүше 28 мемлекет Гебрейесустың кандидатурасын ұсынды. Бұл мемлекеттер қатарына Австрия, Ирландия, Қазақстан, Бахрейн, Барбадос, Дания, Индонезия, Хорватия, Ботсвана, Кук аралдары, Эстония, Финляндия, Франция, Германия, Греция, Венгрия, Испания, Кения, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Оман, Португалия, Руанда, Словакия, Швеция, Тонго, Тринидад және Тобаго кіреді.

Реклама
Реклама

Бас директор - денсаулық сақтау саласындағы ұйымның халықаралық қызметін бақылауды жүзеге асыратын ДДСҰ-ның бас әкімшілік тұлғасы. Гебрейесус 2017 жылы ДДСҰ-ның бас директоры болып тағайындалды.

Бұған дейін ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен қалай құдандасқаны туралы айтқаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram