ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қараша 2021 | 21:20
ДДСҰ басшысы пандемиялар туралы жаңа келісім қажет екенін мәлімдеді
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастысы Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирус таралуына қарсы күрестің қазіргі әдістерін сынап, пандемиялар туралы жаңа келісімдер қажет екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru-ға сілтеме жасап. Ұйым басшысының мәлімдемесі ДДСҰ-ның YouTube-арнасындағы тікелей эфирден тыңдауға болады.

Гебрейесустың айтуынша, COVID-19-дың жаңа әрі жылдам таралып жатқан нұсқасы жағдай қауіпті екенін білдіріп отыр.
"Коронавирустың омикрон штамының пайда болуы пандемиямен күресудің қолданыстағы жүйесінің кемшіліктерін көрсетіп отыр, өйткені ол елдерді басқа мемлекеттерге қауіп туралы ескерту ниетінен айырады. Оңтүстік Африка мен Ботсвана жаңа штамды анықтап, хабарлағаны үшін жазаланбауы керек, керісінше ол үшін оларға ризашылық білдіру керек", - деді ол.
Гебрейесустың айтуынша, пандемияны жеңу жолы - болашақта пандемиялардың алдын алу және оған тиімді жауап беру үшін ұжымдық қабілеттің сынағы, өйткені олармен күресудің негізі сол принциптер болады.
Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасынан тараған коронавирустың "омикрон" атты жаңа штамын жаңа жаһандық қауіп деп атаған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также