05 тамыз 2021 08:13

ДДСҰ басшысы ревакциналауға мораторий енгізуге шақырды

© РИА Новости / Алексей Витвицкий

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус ревакцинацияға уақытша мораторий енгізуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус ревакцинацияға уақытша мораторий енгізуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Гебрейесус ықпалы бар барлық адамды: Олимпиада спортшыларын, инвесторларды, бизнес көшбасшыларын, дін көшбасшыларын және әрбір адамды кем дегенде қыркүйек айының соңына дейін вакцинаның қосымша дозаларына мораторий енгізуге шақырды.

ДДСҰ сарапшылары жыл соңына дейін бүкіл әлемде халықтарды жеткілікті түрде вакциналау үшін ревакциналауға мораторийді ұзартуға тура келеді деп санайды.

Реклама
Реклама

ДДСҰ-ның бағалауы бойынша, әлемде COVID-19 вакциналарын алуда жаһандық теңсіздік пайда болған, кедей елдерде вакцина алғандар саны бай елдердегі екпе алғандар санына қарағанда әлдеқайда аз. Бұған дейін ДДСҰ-ның бас директоры қыркүйекке дейін әр елдегі халықтың кем дегенде он пайызын вакциналауға шақырған болатын.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова Елордада Коронавирусқа қарсы вакцинаның тек екі түрі - QazVac және "Спутник V" бар екенін хабарлаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram