06 мамыр 2022 | 08:59

ДДСҰ COVID-19 бойынша статистиканы жаңартты

©REUTERS

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2021 жылдың аяғына қарай 14,9 миллион адам коронавирустан қайтыс болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Reuters.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2021 жылдың аяғына қарай 14,9 миллион адам коронавирустан қайтыс болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Reuters.

ДДСҰ жаңа баяндамасына сәйкес, коронавирус салдарынан қайтыс болғандар саны ресми мәліметтердегі деректерден үш есе көп. 

COVID-19-бен байланысты ресми өлім саны 2020 жылдың қаңтары мен 2021 жылдың желтоқсаны аралығында 5,4 миллион болған. 

Реклама
Реклама

ДДСҰ-ның өлім туралы мәліметтерінде коронавирус және COVID-19-бен байланысты аурулардан қайтыс болғандар туралы айтылған. 

ДДСҰ баяндамасына сәйкес, әлі күнге дейін саналмаған шамамен өлімнің жартысына жуығы Үндістанда болған. Баяндама бойынша, Үндістанда 4,7 миллион адам қайтыс болған. Өлім ауру өршіген уақытта, шамамен 2021 жылдың мамыры мен маусымы аралығында көп тіркелген. Бірақ ұйым Үндістан билігі 2020 жылдың қаңтары мен 2021 жылдың желтоқсаны аралығында қайтыс болғандар саны аз деп келтірген: шамамен 480 мың адам. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная