24 қаңтар 2022 09:53

ДДСҰ Еуропада коронавирус пандемиясы аяқталуы мүмкін екенін мәлімдеді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
©REUTERS

Коронавирустың омикрон штамы Еуропадағы COVID-19 пандемиясын тоқтатуы мүмкін екенін мәлімдеді ДДСҰ-ның Еуропадағы аймақтық директоры Ханс Клюге, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирустың омикрон штамы Еуропадағы COVID-19 пандемиясын тоқтатуы мүмкін екенін мәлімдеді ДДСҰ-ның Еуропадағы аймақтық директоры Ханс Клюге, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Еуропа пандемияның соңғы кезеңіне жақындап қалған болуы мүмкін", - деді Клюге.

Аймақтық бюро директорының айтуынша, Еуропада омикронның күрт өсуі басылғаннан кейін біраз уақыт жаһандық иммунитет болады.  Ол иммунитет вакцина арқылы немесе маусымдық ерекшеліктерге байланысты қалыптасады.

Реклама
Реклама

"Біз COVID-19 қайта оралғанға дейін тыныштық кезеңін күтеміз, бірақ бұл пандемия толықтай аяқталды дегенді білдірмейді.

Бұл вирус бізді бірнеше рет таңғалдырды, сондықтан біз өте сақ болуымыз керек", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram