07 шілде 2021 | 15:36

ДДСҰ коронавирустың өлім қаупін төмендететін препаратты атады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Тengrinews.kz

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирус жұқтырға науқастарға күтім жасау бойынша ұсыныстар жаңартылғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ДДСҰ сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирус жұқтырға науқастарға күтім жасау бойынша ұсыныстар жаңартылғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ДДСҰ сайтына сілтеме жасап.

Ұйым ауыр жағдайдағы науқастардың өмірін сақтайтын интерлейкин-6 рецепторлары блокаторларын тізімге енгізді. Бұл былтыр қыркүйекте ДДСҰ кортикостероидтарды қолдануды ұсынғаннан бері коронавирусқа қарсы алғашқы тиімді ұсыныс саналатын интерлейкин-6 рецепторларының блокаторлары екендігі аталды.

Ауыр немесе аса ауыр жағдайдағы COVID-19 жұқытрған науқастар көбінесе иммундық жүйенің шамадан тыс реакциясынан зардап шегетіні белгілі. Интерлейкин-6-ны бұғаттайтын препараттар - тоцилизумаб және сарилумаб осы шамадан тыс реакцияны басады.

Реклама
Реклама

ДДҰ бастаған дәрі-дәрмектердің талдауы - дәрі-дәрмектерді қабылдау өлім ықтималдығын стандартты еммен салыстырғанда 13 пайызға төмендеткенін анықтады. Механикалық желдетудің ықтималдығы 28 пайызға төмендейді.

"Бұл дәрі-дәрмектер COVID-19 салдарынан зардап шегетін науқастар мен отбасыларға үміт береді. Бірақ интерлейкин-6 рецепторларының блокаторлары әлемнің көп елінде қол жетімсіз. Біз мұны шұғыл түрде өзгертуіміз керек", - деді ұйымның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус.

Бұған дейін ДДСҰ басшысы пандемияның өте қауіпті кезеңі туралы айтқан болатын. Оның айтуынша, қазір вируспен күресуге арналған құралдары бар мемлекеттер, ең алдымен вакцинаның болуы шектеулерді жеңілдетеді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная