ПОДЕЛИТЬСЯ
31 қаңтар 2020 | 11:45
ДДСҰ Қытайдағы коронавирусты әлемдік деңгейдегі төтенше жағдай деп атады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдағы коронавирусты әлемдік деңгейдегі төтенше жағдай деп атады, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдағы коронавирусты әлемдік деңгейдегі төтенше жағдай деп атады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Дереккөз мәліметінше, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытай бұл індетті тоқтата алады деген сенімде.
Ұйымның мәліметінше, бүкіл әлем бойынша 7 834 адам коронавирусты жұқтырған. Олардың 7736-сы - Қытайда, 98-і - әлемнің 18 елінде тіркелген. 1 370 адам ауыр жағдайда жатыр, 170 адам қайтыс болған. Тағы 12 167 адам вирус жұқтырды деген қауіппен ауруханаға жеткізілген.
Қытайда бір тәулікте 2 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған
Сондай-ақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл вирусты уақытша "2019-nCoV" деп атауды ұсынды.
Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған еді. Мамандар Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнаркөзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтаған.
Показать комментарии
Читайте также