29 желтоқсан 2021 | 09:26

ДДСҰ "Спутник V" вакцинасын мақұлдау неге кешігіп жатқанын түсіндірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Маргарет Харрис "Спутник V" вакцинасының мақұлданбай жатқаны технологиялық процестерді тексеруге байланысты деп түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Маргарет Харрис "Спутник V" вакцинасының мақұлданбай жатқаны технологиялық процестерді тексеруге байланысты деп түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ол төтенше жағдайларда пайдалануға арналған қаражат тізіліміне енгізу үшін ұйым дәрінің қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы мәліметтерді, сондай-ақ өндіріс технологиясы бойынша құжаттаманы сұрайтынын еске салды.

"Көбінесе үшінші этап - технологиялық процестерді тексеру, вакцинаға жасыл жарық беру үшін барлық мәліметтерді анықтауға, тексеруге және т.б. көп уақытты қажет етеді. Сондықтан бұл кідірістерге әкелуі мүмкін", - деп түсіндірді Харрис.

Реклама
Реклама

Ол басқа реттеушілер де дәл осындай процедурамен жұмыс істеп жатқанын айтты.

"Спутник V" жалпы төрт миллиард халқы бар 71 елде мақұлданған, бұл әлем халқының 50 пайызынан астамы. "Спутник V" мемлекеттік реттеушілерден алған рұқсаттар саны бойынша әлемде екінші орында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная