24 ақпан 2021 | 13:19

ДДҰ әлемдегі коронавирус жағдайына баға берді

Фото ©REUTERS

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемдегі коронавирус жағдайына баға берді. ДДҰ мәліметінше, әлемде коронавирус инфекциясының жаңа жағдайлары мен COVID-19 құрбандарының саны азайып келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемдегі коронавирус жағдайына баға берді. ДДҰ мәліметінше, әлемде коронавирус инфекциясының жаңа жағдайлары мен COVID-19 құрбандарының саны азайып келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлемде тіркелген жаңа жағдайлар саны алтыншы апта қатарынан төмендеп келеді: өткен аптада 2,4 миллион жаңа жағдай тіркелді, бұл алдыңғы аптаға қарағанда 11 пайызға аз. Соңғы үш аптада өлім саны да төмендеп жатыр: өткен аптада 66 мыңға жуық адам көз жұмды, бұл алдыңғы аптаға қарағанда 20 пайызға аз.

Алайда ДДҰ мәліметінше, коронавирустың жаңа штамдары тарауын тоқтатар емес. Мысалы, "ұлыбританиялық" штамм 101 елде анықталды (алдыңғы аптаға қарағанда жеті елге көп), "Оңтүстік Африка" штамы - 51 елде (+ бес ел), ал "бразилиялық" штамм - 29 (+ сегіз ел).

Реклама
Реклама

Ұйым мәліметіне сәйкес, әлемде 15-21 ақпан аралығында бір апта ішінде 2 457 026 жаңа жағдай және 66 359 өлім тіркелген.

Еске салайық, Қазақстанда кейінгі тәулікте 753 адам коронавирус жұқтырды. Жалпы елде 209 562 жағдай расталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная