ПОДЕЛИТЬСЯ
04 мамыр 2021 | 12:01
ДДҰ әлемдік вакцинацияға қанша қаражат жұмсалатынын есептеді
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2022 жылы әлемдегі ересек тұрғындардың көбін коронавирусқа қарсы вакциналау үшін 35-тен 45 миллиард долларға дейін қаражат керек екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйым сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ДДҰ басшысы Тедрос Гебрейесус мәлімдеді. Ол биыл халықаралық серіктестікті 19 миллиард долларға қаржыландыру қажет екенін еске салды. Бұл қаражат коронавирусқа қарсы препараттар мен ACT-Accelerator диагностикалық құралдарына жұмсалады.
"Есептеулер бойынша, келесі жылы әлемдегі ересек адамдардың көп бөлігін вакциналау үшін бізге тағы 35-45 миллиард доллар қажет болады", - деді Гебрейесус.
Ұйымның мәліметінше, әлемде барлығы 1 045 850 203 вакцина дозасы бар. Оның ішінде Covax бағдарламасы бойынша табысы төмен және орташа 121 ел 50 миллионға жуық вакцина алды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также