16 сәуір 2021 | 17:44

ДДҰ басшысы әлемде COVID-19-дың тарау жылдамдығы туралы айтты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДСҰ) басшысы Тедрос Аданом Гебреисус коронавирустың тарауы бойынша статистика пандемия басталғанан бергі ең жоғары деңгейге жақындап қалғанын айтты, - деп хабарлайды Las Vegas Sun.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДСҰ) басшысы Тедрос Аданом Гебреисус коронавирустың тарауы бойынша статистика пандемия басталғанан бергі ең жоғары деңгейге жақындап қалғанын айтты, - деп хабарлайды Las Vegas Sun.

Бұл туралы ДДҰ басшысы баспасөз брифингінде мәлімдеді. Ол соңғы екі айда бүкіл әлемде расталған жаңа жағдайдың күнделікті саны екі есеге жуық артқанын айтты.

"Бүкіл әлемде COVID-19 инфекциясын жұқтыру дерегі көбейіп барады. Жаңа жағдайлардың саны бүкіл пандемия кезінде тіркелген ең үлкен көрсеткішке жақындады", - деді ол.

Реклама
Реклама

ДДҰ басшысы бұрын коронавирустың тез таралуын болдырмай отырған Папуа-Жаңа Гвинея сияқты кейбір елдерде қазір инфекция жұқтыру көрсеткіші күрт артқанын айтты.

"Былтыр Папуа-Жаңа Гвинеяда 900-ден аз жағдай және тоғыз өлім дерегі тіркелді", - деді Гебреисус.

Қазіргі уақытта елде 9 мыңнан аса жағдай тіркеліп, 83 адам инфекциядан қайтыс болған. Олардың жартысы өткен айда тіркелген.

Бүгінде COVAX 100-ден аса елге 40 миллионға жуық вакцина жіберді. Бұл әлем халқының шамамен 0,25 пайызын қорғауға жеткілікті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная