Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДСҰ) бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус коронавирусқа қарсы вакцина алды. Ол қай препаратты таңдағанын атамаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тедрос Аданом Гебреисус вакцина алғанын Twitter-парақшасында жазды.
"Бүгін Женева университеті клиникасында COVID-19-ға қарсы вакцина алу кезегім келді. Вакцина өмірімізді сақтайды. Оларды бүкіл елге тез жеткізу өте маңызды", - деді ол.
Сонымен қатар, ДДҰ басшысы вакцинасы бар ел тұрғындарын өзінен үлгі алып, коронавирусқа қарсы екпе алуға шақырған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!