21 қазан 2020 | 07:18

ДДҰ: COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша антирекорд тіркелді

Фото ©REUTERS

Кейінгі аптада дүние жүзі бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 2,4 миллионға артты. Бұл - пандемия басталғалы бері жоғары көрсеткіш. Деректі ДДҰ жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Кейінгі аптада дүние жүзі бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 2,4 миллионға артты. Бұл - пандемия басталғалы бері жоғары көрсеткіш. Деректі ДДҰ жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұйымның мәліметінше, коронавирус жұқтырғандар жағдайлар күрт көбейіп жатыр, тек қайтыс болғандар саны айтарлықтай көп емес, тұрақты. Кейінгі 7 күнде вирустан 36 мыңнан аса адам көз жұмды. Шамамен оның алдындағы аптамен көрсеткіштер жақын. 

Реклама
Реклама

"18 қазандағы жағдай бойынша 40 миллионнан аса адам жұқтырған және 1,1 миллионнан аса науқас қайтыс болғаны туралы хабарлама келді", - деп көрсетті ДДҰ ақпараттық бюллетенде.

Ең ауыр эпидемиологиялық жағдай Солтүстік және Оңтүстік Америкада болып отыр. Бұл аймақта 12-18 қазан аралығында 798 мыңнан аса тұрғын коронавирус жұқтырған. Ал олардың жалпы саны 18,8 миллионнан асқан. Жеті күнде 16 мыңнан аса өлім жағдайы тіркеліп, жалпы қайтыс болғандар саны 608 мыңнан асты.

Еуропада алдындағы аптамен салыстырғанда ауру жұқтырғандардың өсімі 25 пайыз болды. 927 мың адам жұқтырып, жалпы науқастардың саны 8 миллионнан асты. Апта ішінде 8 мыңнан аса науқас қайтыс болып, көз жұмғандардың саны 256 мыңнан асқан.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная