ДДҰ коронавирусты қайтадан жұқтыру деректері бойынша арнайы топ құрмақ

Фото: pixabay.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты қайтадан жұқтыру деректеріне байланысты арнайы топ құрмақ, - деп хабарлайды РИА Новости

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты қайтадан жұқтыру деректеріне байланысты арнайы топ құрмақ, - деп хабарлайды РИА Новости

ДДҰ жедел аурулар бөлімінің техникалық тобының жетекшісі Мария Ван Керхованың айтуынша, ұйымда адамда күшті иммунитетті дамытуға қатысты мәліметтер бар.

"Біз көптеген елдегі коронавирусты қайтадан жұқтыру деректері туралы хабардармыз. Қайтадан жұқтыру бойынша арнайы тобымыз бар. Себебі оған қатысты сұрақ көп. Қазіргі сәтте біраз елден хабар түсіп жатыр, бірақ халықтың қанша пайызы коронавирусты қайтадан жұқтыруына байланысты нақты баға бере алмаймыз. Ең негізгі мәселе бірінші және екінші рет жұқтырғаннан кейін қандай иммундық жауап қалыптасатындығында. Антидененің саны өсе ме және жалпы не болып жатқандығында", - деді ол. 

Реклама
Реклама

ДДҰ тағы бір мәселе - коронавирусты қайтадан жұқтыру қаншалықты қауіпті екенін анықтау екенін айтады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама