06 ақпан 2021 | 18:02

ДДҰ коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдегенін мәлімдеді

Фото ©Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Коронавирустың әлемде таралу қарқыны төмендеп жатыр. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшысы Мария ван Керкховен брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "РИА Новости" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Коронавирустың әлемде таралу қарқыны төмендеп жатыр. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшысы Мария ван Керкховен брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "РИА Новости" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

"Бұл бірқатар елде оқиғалардың (инфекция жағдайларының) азаюын бақылап отырғанымызды атап өту үшін жақсы сәт", - деді Керкховен.

Реклама
Реклама

Сарапшының айтуынша, бұған ең алдымен вирустың таралу тізбегін үзетін шаралар мен вакцинация көмектескен.

Керкховен COVID-19-дың жаңа жағдайлары азайып жатқан елдерді санитарлық шаралардың сақталуын бақылауды жалғастыруға шақырды.

ДДҰ-ның маска тақпау туралы жаңа мәлімдемесі жалған болып шықты

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус әлемде COVID-19-ға қарсы вакцина салдырғандар саны науқастар санынан асып түскенін айтқан еді.

"Бүкіл әлемде вакцинация саны инфекция туралы есептерден асып түсті. Бір жағынан бұл жақсы жаңалық және осындай қысқа уақыт ішінде қол жеткізген керемет жетістік. Бірақ бұл вакцинациялардың төрттен үш бөлігі 10 елге ғана тиесілі, жаһандық ЖІӨ-нің 60 пайызға жуығы солардікі", - деді ол брифингте.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная