ПОДЕЛИТЬСЯ
06 ақпан 2021 | 16:11
ДДҰ-ның маска тақпау туралы жаңа мәлімдемесі жалған болып шықты
Желіде ДДҰ-ның жалған мәлімдемесі талқыланып жатыр. Ұйым мамандары "енді маска тағу қажет емес" деп мәлімдеген екен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Желіде ДДҰ-ның жалған мәлімдемесі талқыланып жатыр. Ұйым мамандары "енді маска тағу қажет емес" деп мәлімдеген екен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
Осындай "дәйексөз" жазылған скриншот 25 қаңтарында жарияланған.
Шын мәнінде, ДДҰ мамандарының ешқайсы мұндай мәлімдеме жасамаған. Интернетте тарап кеткен скриншот Principia Scientific International конспирологиялық ресурсынан шыққан және ДДҰ-ға еш қатысы жоқ.
Сайтта контекстен алынған дәйексөз де келтірілген, шындығында, ол ДДҰ-ның 2020 жылы 1 желтоқсанда шыққан Mask use in the context of COVID-19 құжатынан алынған. Онда "сайма-сай қорғаныс деңгейін қамтамасыз ету үшін жалғыз бір масканы тиісінше қолдану жеткіліксіз" делінген.
Бұдан әрі түпнұсқа құжатта COVID-19-тың алдын алу бойынша қолды жиі жуу және әлеуметтік қашықтықты сақтау сияқты басқа нұсқаулар берілген. Құжатта маска тағудың тиімдігін көрсететін зерттеулердің нәтижесі де келтірілген. Бұл осы құжатты қолдана отырып, жасалған алғашқы манипуляция емес.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также