ПОДЕЛИТЬСЯ
08 ақпан 2021 | 09:28
ДДҰ сарапшылары Ухандағы базарға қатысты "маңызды айғақты" тапты
ДДҰ-ның халықаралық сарапшылар командасы Ухан қаласындағы теңіз өнімдері сатылатын базарға қатысты "маңызды айғақ" тапты. Бұл туралы Bloomberg агенттігінің материалында жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ДДҰ-ның халықаралық сарапшылар командасы Ухан қаласындағы теңіз өнімдері сатылатын базарға қатысты "маңызды айғақ" тапты. Бұл туралы Bloomberg агенттігінің материалында жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нью-Йорктің зоолог ғалымдары Ухан вирусология институтында, Байчачжоу базары мен теңіз өнімдері сатылатын Хуанан базарында болғанын айтқан. Олардың сөзінше, Ухандағы базарда пандемия кезінде ешкім болмаған.
"Адамдар асығып кеткен, олар барлық құралды сөндіріп, не болғанын дәлелдейтін ыдыстарды да қалдырып кеткен. Біздің көргеніміз осы", - деді америкалық сарапшы Питер Дасзак.
Зерттеушінің сөзінше, бұған дейін қытайлық ғалымдар коронавирустың алғашқы сынамалары алынған жерлерді анықтай алған. Алғашқы науқастар ауруды ешқандай белгісіз өткергені анықталған.
Маман тергеудің мән-жайын айтпады. Оның сөзінше, негізгі мәлімдемелер ол кеткенге дейін жарияланады, бұл 10 ақпанға жоспарланған. Сарапшы ДДҰ коронавирустың қалай пайда болып, тарау себептерін анықтауға жақын қалғанын атап өтті.
Ухандағы теңіз өнімдері сатылған Хуанан базары 2020 жылдың 1 ақпанында жабылған. Алғашқы науқастар сол жерде жұмыс істеген. Алайда ғалымдар әлі де бір шешімге келмей отыр.
ДДҰ сарапшылары коронавирус Ухандағы зертханадан тарады деген қауесетті тексерді
Бүгінде ДДҰ-ның сарапшылар тобы Қытайда жүр, олар COVID-19-дың таралу себебін анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также