ПОДЕЛИТЬСЯ
17 қараша 2021 | 14:05
Делиде ауа ластануына байланысты мектептер мен колледждер жабылды
Үндістан астанасы Дели билігі ауаның ластану деңгейі жоғарылауына байланысты мектептер мен колледждерді белгісіз мерзімге жапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі France 24 сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Үндістан астанасы Дели билігі ауаның ластану деңгейі жоғарылауына байланысты мектептер мен колледждерді белгісіз мерзімге жапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі France 24 сайтына сілтеме жасап.
Делидегі ауа сапасын басқару жөніндегі комиссия барлық оқу орны келесі хабарландыруды алғанға дейін жабылуы керек екенін мәлімдеді.
Сондай-ақ, 300 шақырым радиустағы 11 жылу электр станциясының алтауына жұмысты тоқтату тапсырылды. Комиссия мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің кем дегенде 50 пайызы үйде жұмыс істеуі керек екенін айтты, жеке фирмалардың қызметкерлерін де осы үлгіні ұстануға шақырды.
Қыста ауа ластануына ықпал ететін факторлардың бірі - көрші штаттардағы егін қалдықтарының түтіні. Осы аптада өкпе мен жүректің созылмалы ауруларының себебі болатын ең зиян бөлшектер - PM 2.5 деңгейі қаланың бірнеше аудандарында 400-ден асты.
Басылымның мәліметінше, биыл ластану деңгейі артқандықтан, Үндістанның жоғарғы соты штат пен федералды үкіметтерге бұл мәселені шешу үшін "шұғыл және төтенше" шаралар қабылдауға нұсқау беріп, қатаң ескерту жасады. Кейін Делидің ауа сапасын басқару жөніндегі комиссиясы жиналыс өткізіп, төтенше шаралар жариялады.
Комиссия жариялаған шаралар қатарында 21 қарашаға дейін Дели мен көршілес Уттар-Прадеш, Пенджаб, Харьяна және Раджастан штаттарына жүк көліктерінің кіруіне тыйым салу жатады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также