Депутат Алмазбек Атамбаевты қол сұқпаушылық құқығынан айыруды талап етті

Депутат Алмазбек Атамбаевты қол сұқпаушылық құқығынан айыруды талап етті © Tengrinews.kz

"Онугуу-Прогресс" фракциясынан Жогорку Кенеш депутаты ?ыр?ызстанны? б?рын?ы президенті Алмазбек Атамбаевты ?ол с??паушылы? ???ы?ынан айыруды ?сынды, - деп хабарлайды K-News.

"Онугуу-Прогресс" фракциясынан Жогорку Кенеш депутаты Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты қол сұқпаушылық құқығынан айыруды ұсынды, - деп хабарлайды K-News.

Депутаттың айтуынша, Атамбаевтың Бішкек ЖЭО-сын қалпына келтіру бойынша кредиттік келісімге қатысы барын тексеру керек. 

"Қытай елге экспансия жасамақ, ал президент билікті меншіктеп алды. Алмазбек Атамбаевты қол сұқпаушылық құқығынан айырып, 386 миллион доллар кредитті ратификациялауға қатысы бар-жоғын тергеуді ұсынамын. Содан бері 7 үкімет басшысы ауысты, кімнен бастап жауап алуымыз керек?", - дейді ол. 

Жарнама
Жарнама

24.kg порталының мәліметінше, мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті "Бішкек ЖЭО модернизациясы" жобасын жүзеге асыру кезіндегі ақша жымқыру ісін тергеп жатыр. Энергия саласының жеті топ менеджері ұсталды. Барлығына ресми айып тағылды. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама