Депутаттар БЖЗҚ қызметіне қатысты Сағынтаев пен Ақышевқа сауал жолдады

© Тұрар Қазанғапов

М?жіліс депутаттары ?аза?стан премьер-министрі мен ?лтты? банк басшысына Біры??ай жина?таушы зейнета?ы ?орыны? ?ызметіне ?атысты сауал жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сауал Альберт Рауды? биыл жеке секторларды ?олдау?а БЖЗ?-дан ?аржы б?лінетіні туралы м?лімедемесіне ?атысты.

Мәжіліс депутаттары Қазақстан премьер-министрі мен Ұлттық банк басшысына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне қатысты сауал жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сауал Альберт Раудың биыл жеке секторларды қолдауға БЖЗҚ-дан қаржы бөлінетіні туралы мәлімедемесіне қатысты.

"Біздің сауал премьер-министр мен Ұлттық банк төрағасына. Аймақтарды аралау кезінде тұрғындарды ерекше алаңдататын бір мәселе зейнетақы қоры мен кепілдендіруге, жалпы БЖЗҚ-ға байланысты болды", - деді депутат Майра Айсина палатаның жалпы отырысы кезінде.

Ол инвестициялар және даму вице-минстрі Альберт Раудың биыл жеке секторларды қолдауға БЖЗҚ-дан қаржы бөлінетіні туралы мәлімедемесін еске салды.

Реклама
Реклама

"Үкімет пен Ұлттық банктен 2014 жылдан қазіргі уақытқа дейін БЖЗҚ-ның қандай қаржы құралдары инвестицияланғаны, олардың қандай шарттармен және қанша мерзімге берілгені туралы ақпарат беруді сұраймыз", - деді Айсина.

Сауал авторлары ретінде "Нұр Отан" партиясының депутаттары Қарақұсова, Сәбильянов, Базарбаев, Ахметов, Аронова, Аманжолова және Айсина екені көрсетілген.

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама