26 қыркүйек 2022 17:22

ДХР мен ЛХР-дағы референдум: Түркия ұстанымы айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©РИА Новости

Түркия ЛХР, ДХР квазимемлекеттік аумақтарын, сондай-ақ Украинаның Запорожье және Херсон облыстарын Ресейге қосу туралы өткен референдумға қатысты өз ұстанымын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия ЛХР, ДХР квазимемлекеттік аумақтарын, сондай-ақ Украинаның Запорожье және Херсон облыстарын Ресейге қосу туралы өткен референдумға қатысты өз ұстанымын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Токиодағы Жапон ұлттық баспасөз клубында сөйлеген Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Анкара ДХР, ЛХР, Херсон және Запорожье облыстарының Ресейге қосылуын мойындамайтынын айтты. Баспасөз мәслихатының трансляциясы оның Facebook-парақшасында көрсетілді.

Реклама
Реклама

"Біз Қырымның аннексиясын мойындамаймыз және бұл туралы Ресейге айтып жатырмыз. Біз Донецк, Луганск, Запорожье және Херсондағы референдумдарға алаңдаушылық білдірдік. Оларды мойындамайтынымызды айттық", - деді түрік СІМ басшысы.

Еске салайық, жұмада ЛХР, ДХР, сондай-ақ Украинаның Запорожье және Херсон облыстарында Ресейге қосылу туралы референдум басталды. Дауыс беру 27 қыркүйекке дейін жалғасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram