04 қаңтар 2020 18:19

Джакартадағы су тасқыны: ҚР СІМ мәлімдеме жасады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: REUTERS Сурет: REUTERS

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Индонезиядағы су тасқынына байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Индонезиядағы су тасқынына байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Джакарта қаласында және оған іргелес аудандарда болған су тасқыны құрбандары туралы қайғылы хабарды үлкен күйзеліспен қабылдады. Қазақстан бауырлас Индонезия халқымен қайғы-қасіретін бөліседі", - делінген хабарламада.

СІМ қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендерге тез арада сауығып, табиғи апат салдарын еңсеруді тіледі.

Айта кетейік, Индонезия астанасы Джакартада және оған жақын аудандарда су тасқыны салдарынан қаза болғандардың саны 53 адамға дейін өсті. Жаңа жылдың басынан 90 ауданда қатты жаңбыр жауып, көптеген өзен арнасынан асып кетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети