10 маусым 2019 16:50

Джастин Бибер Голливуд жұлдызын жекпе-жекке шақырды

© NME.com

Әнші Джастин Бибер голливуд жұлдызы Том Крузды жекпе-жекке шақырды. Бұл туралы ол 10 маусымда Twitter желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнші Джастин Бибер голливуд жұлдызы Том Крузды жекпе-жекке шақырды. Бұл туралы ол 10 маусымда Twitter желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Бибер Крузды октагонға шақырды. "Том, егер сен менің ұсынысымды қабыл алмаса - онда қорыққаныңды дәлелдейсің және бұдан ешуақытта құтыла алмайсың", - деп жазды әнші. 

Реклама
Реклама

I wanna challenge Tom Cruise to fight in the octagon. Tom if you dont take this fight your scared and you will never live it down. Who is willing to put on the fight? @danawhite ?

— Justin Bieber (@justinbieber) June 10, 2019

Әнші UFC президенті Дана Уайтқа осы жекпе-жекті ұйымдастыруды ұсынды. Алайда Бибердің жазбасына ирландиялық файтер Конор МакГрегор назар аударып, осы жекпе-жекті ұйымдастыруға қуана келісетінін жеткізді.

"Егер Том Круз нағыз ер болса, онда осы ұсынысты қабылдауы тиіс. McGregor Sports and Entertainment барлығын ұйымдастырады. Круз фильмде төбелескендей шынайы өмірде істей ала ма?", - деп жазды МакГрегор. Келесі жазбасында ол актер Марк Уолбергті жекпе-жекке шақырды. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram